Теннис

Недовесов жұптық сында ATP 250 турнирінің жарытлай финалына жетті

Недовесов жұптық сында ATP 250 турнирінің жарытлай финалына жетті
ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына өтті.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда ұлыбританиялық Нил Скупски мен мексикалық Сантьяго Гонсалеспен бір сағат 50 минут ойнап, 7:6 (7:2), 10:6 есебімен ұтты.

Енді Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалға шығу үшін мексикалық Мигель Анхель Рейес-Варела мен аргентиналық Гвидо Андреоцци дуэтімен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар