ММА
Шавкат Рахмонов UFC-дің мерейтойлық турнирінің "Арман кардына" енді

UFC
Көпшілік UFC 300 мерейтойлық турнирінде өнерін тамашалағысы келетін файтерлер тізіміне қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) та енді.
Шавкат "Арман кардына" енді және оған қарсылас ретінде бразилиялық Гилберт Бернс (22-6) ұсынылды.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында, ал Бернс бір саты жоғары тұр.
"UFC 300 турниріне "Арман карды" келесідей:
Конор Макгрегор Майкл Чендлерге қарсы,
Ислам Махачев - Чарльз Оливейра,
Дастин Порье - Джастин Гэджи,
Гилберт Бернс - Шавкат Рахмонов,
Хамзат Чимаев - Пауло Коста", - деп жазады LA CAGE.