Хоккей

"Барыс" ҚХЛ-дегі соңғы алты ойынның бесеуінде ұтылып отыр

"Барыс" ХК

Астаналық "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчінде қазандық "Ақ Барсқа" есе жіберді. 


Астанада өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Бірінші таймда есеп ашылмады, ал екінші кезеңде "Ақ Барс" сапынан Илья Сафонов (33-минут) пен Дмитрий Кагарлицкий (37) гол салды. Ал үшінші кезең аяқталар сәтте Евгений Свечников есепке нүкте қойды. 


Айта кетейік, бұған дейін екі команда 4 қараша Қазанда ойнап, астаналықтар 3:5 есебімен ұтылған еді. Осылайша, "Астана" соңғы алты ойында қатарынан бесінші рет ұтылып отыр. Келесі ойынды қазақстандық команда 10 қараша өз айдынында "Куньлуньға" қарсы өткізеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар