Бокс

Қазақстанның бұрымдылар құрамасы Италиядағы лицензиялық турнирге аттанды

Қазақстанның бұрымдылар құрамасы Италиядағы лицензиялық турнирге аттанды
Time.kz

Бокстан Қазақстанның бұрымдылар командасы Италиядағы лицензиялық турнирге қатысу үшін жолға шықты. 

Бұрысмдыларымыз 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтетін турнирде Олимпиада жолдамасына таласады. 

Бас бапкер Шәміл Сафиуллин бастаған Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Жайна Шекербекова (54 келі) Апеннин түбегіне Алматы арқылы аттанса, Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) өзге жаттықтырушылармен Астана арқылы ұшты.

Турнир алдында боксшыларымыз Италияның Ассизи қаласында бір апталық оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан бөлек, турнирге қатысатын 30-ға жуық команданың боксшылары дайындықтарын пысықтамақ.

Жалпы аталған турнирде әйелдерде 21 жолдама сарапқа салынады.

Қазіргі таңда Карина Ибрагимовада (57 келі) ғана Олимпиада жолдамасы бар. 

Басқа спорттық жаңалықтар