Футбол

«Арсенал» 2017 жылдан ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне өте алмай келеді

«Арсенал» 2017 жылдан ЧЛ-дің плей-офф кезеңіне өте алмай келеді
Reuters

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары аяқталды.

Кеше, 21 ақпанда Португалияның «Драгау» стадионында «Порту» мен англиялық «Арсенал» матчінде португалиялық команда 1:0 есебімен басым түсті. Ойындағы жалғыз голды портулық команданың вингері 94-минутта  Вендерсон Галено Отавио салды. 

Осылайша, «Арсенал» 2017 жылдан бері Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өте алмай келеді.

Қарымта матч Лондондағы «Эмирейтс» стадионында өтеді. 

Басқа спорттық жаңалықтар