Теннис
Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті
Reuters
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Катар астанасы Дохада өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті.
Бублик екінші айналымда венгриялық Мартон Фучовичпен кездесіп, екі сағаттан астам уақыт ойнады.
Бірінші сетте Фучович 6:2 есебімен ұтты. Одан кейінгі партияларда Бублик басым түсіп, матчті 6:3, 6:4 есбімен ұтты.
Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама үшін аустралиялық Алексей Попыринмен матч өткізеді