Футбол

Модрич "Реалда" қалғысы келмейді

Модрич
Instagram/lukamodric10

"Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич осы маусым аяқталған соң командадан кетеді, деп хабарлайды AS басылымы. 

Команданың қазіргі бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти көмекшісі болып, қызмет атқаруды ұсынған. Алайда хорват футболшысы әлі де алаңда доп теуіп, кемі бір маусым жоғары деңгейде өнер көрсеткісі келеді. 

Осыған дейін батыстық басылымдар жартылай қорғаушының "Реалдағы" ойын жүйесіне көңілі толмай жүргені жайлы жазған болатын. "Алтын доп" иегері осы маусымда негізгі құрамда көп ойнап жүрген жоқ. 20 ойынға қатысып, 4 нәтижелі пас берген. 

Лука Модрич "Реалда" 2012 жылдан бері ойнап келеді. Мадридтік командамен 24 рет ірі жарыстарда топ жарды. Олардың қатарында Чемпиондар лигасын 5 рет жеңіп алды. 2018 жылы "Алтын доп" иегері атанды. 

Басқа спорттық жаңалықтар