Теннис

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына өтті
ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 - Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің ширек финалына шықты. Жарыстағы үшінші ойыны аса тартысты өтіп, үш сет қорытындысы бойынша Елена польшалық Магдалена Фрешті ұтты. 

Бірінші сетте Елена Рыбакина қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберіп тұрып, камбек жасады. Тай-брейкте басым болып, 7:6 есебімен жеңіп шықты. Екінші Магдалена 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ал үшінші 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. 

Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Ширек финалда Елена италиялық Ясмина Паолинимен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 26-орында тұрған теннисші. 

Айта кетейік, Дубайдағы турнирдің жүлде қоры 3,2 миллион долларды құрайды.


Басқа спорттық жаңалықтар