Футбол

Әлем чемпионаты тарихындағы ең мықты футболшы анықталды

Әлем чемпионаты тарихындағы ең мықты футболшы анықталды
Коллаж "Чемпионат"

Ұлыбританияның FourFourTwo басылымы әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшылар рейтингін жариялады, деп хабарлайды Мassaget.kz. 


Мұнда футболшылардың "мундальдағы" жетістіктеріне баса мән берген. Рейтинг көшін "футбол патшасы" Пеле бастап тұр. Ол 17 жасында әлем чемпионатына қатысқан. Үш бірдей дүбірлі доп додасында (1958, 1962 және 1970 жылдары) топ жарған. Төрт әлем чемпионатына қатысып, 14 ойында 12 гол соққан.


Екінші орында – Лионель Месси. Ол Аргентина құрамасымен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ биыл "Алтын доп" саны бойынша да жеке рекордын жаңартты.  Үшінші орынға тағы бір аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадона орналасқан. Ол әлем чемпионатында 21 ойынға қатысып, 8 гол соққан.  Әлем чемпионатының үздік футболшылары қатарына португалдық Криштиану Роналду енбей қалған. 


Мундиаль тарихындағы үздік 10 футболшы:


1. Пеле (Бразилия).

2. Лионель Месси (Аргентина).

3. Диего Марадона (Аргентина).

4. Роналдо (Бразилия).

5. Зинедин Зидан (Франция).

6. Франц Беккенбауэр (Германия).

7. Килиан Мбаппе (Франция).

8. Эйсебио (Португалия).

9. Мирослав Клозе (Германия). 10. Гарринча (Бразилия). 



Басқа спорттық жаңалықтар