Футбол

"Атлетико" Чемпиондар лигасында қарсыласына жауапсыз 6 гол салды

vseprosport.kz

Мадридтік "Атлетико" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында шотландиялық "Селтик" комндасын ойсырата ұтты. 


Испаниялық клуб өз алаңында қарсыластарына жауапсыз 6 гол салды: Антуан Гризманн (6 және 60-минут), Альваро Мората (45+2, 76), Самуэл Лино (66) және Сауль Ньигес (84-я). Алаң қонақтары 23-минуттан бастап азшылықта ойнағанын айта кетейік, "Селтик" сапынан Дайдзен Маэда алаңнан қуылған болатын.


Топтағы өзге ойында италиялық "Лацио" өз алаңында голландиялық "Фейеноордты" ұтты - 1:0. Төрт тур қорытындысы бойынша E тобында "Атлетико" көш бастап тұр (8 ұпай), одан кейін "Лацио" (7), "Фейеноорд" (6) және "Селтик" (1) орналасқан.


28 қарашада "Лацио" - "Селтик", "Фейеноорд" - "Атлетико" ойындары өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар