Футбол

"Милан" ЧЛ топтық кезеңінің төртінші турында ПСЖ-ны ұтты

twitter.com/acmilan

"Милан" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында "Пари Сен-Жермен" командасын ұтты. 


Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң қонақтары 9-минутта Милан Шкриньярдың күшімен есеп ашты. Алайда алаң қожайындары мұны жауапсыз қалдыпмады - 12-минутта Рафаэль Леау, ал 50-минутта Оливье Жиру бір-бір голдан салды. 


Айта кетейік, Н тобында "Барселона" күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылды 0:1. Ал F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкасллды" 2:0 есебімен ұтты.


Енді 28 қарашада ПСЖ - "Ньюкасл", "Милан" - "Боруссия Дортмунд" матчтері өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар