0

Рахмонов UFC-дің жаңартылған рейтингінде орнын сақтап қалды

Рахмонов UFC-дің жаңартылған рейтингінде орнын сақтап қалды
instagram.com/shavkatrakhmonov94

Анахаймда өткен 298 турнирінен кейін UFC салмақ дәрежелері бойынша рейтингін жаңартты.

Жаңа тізімде қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап, үшінші сатыда қалды. Рейтинг көшбасшысы да сол күйі Камару Усман, ал одан кейін Белал Мухаммад тұр.

Жартылай орта салмақ чемпионы Леон Эдвардс. Ал одан кейінгі топ-10 тізімде өзгерістер болды. Ирландиялық проспект Йен Гэрри (14-0) төрт саты жоғарылап, қазір алтыншы тұр. UFC 298 турнирінде ол америкалық Джефф Нилді жеңді, кейінгісі сегізден тоғызыншы орынға сырғыды.

Сонымен бірге, Шон Брэди (7), Стивен Томпсон (8) және Висенте Луке (10) де төмендеген.

Басқа спорттық жаңалықтар