Футбол

Чемпиондар лигасы: "Барселона" күтпеген жерден ұтылды, "Боруссия" топта бірінші орынға шықты

Чемпиондар лигасы:
Football24.ru

Каталондық "Барселона" Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші турында күтпеген жерден донецкілік "Шахтерден" ұтылып қалды.


Н тобындағы кездесу Германияның Гамбург қаласында өтіп, 1:0 есебімен "Шахтердің" пайдасына аяқталды. Матчтегі жалғыз голды 40-минутта Данила Сикан салды. Бұл "Барселона" үшін топтық кезеңдегі үш жеңістен кейінгі алғашқы ұтылыс болды.


Осылайша, каталондықтар плей-офф кезеңге мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін уысынан шығарып алды, дегенмен турнирлік кестеде бірінші орынды сақтап қалды. Алты ұпай жинаған "Шахтер" де сол күйі үшінші орнында қалды.


F тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында англиялық "Ньюкаслды" 2:0 есебімен ұтты. Гол салғандар Никлас Фюллькруг (26-минут) және Юлиан Брандт (79) болды. Енді жеті балл жинаған "Боруссия" топта бірінші орынға шықты, ал "Ньюкасл" төрт ұпаймен үшінші келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар