Гимнастика

Астаналық гимнастшылар халықаралық турнирде жеті алтын жеңіп алды

Астаналық гимнастшылар халықаралық турнирде жеті алтын жеңіп алды
Астана қаласының Спорт басқармасы

Венгрия астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Астана қаласының көркем гимнастика құрамасы 7 алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Астана қалалық спорт басқармасы.

28-рет ұймыдастырылып отырған турнирдің командалық сайысында (жекелеген бағдарлама) Астаналық «Созвездие» командасы алтыннан алқа тақты. Команда құрамында Еркежан Сағат, Адия Амантаева, Радыш Екатерина, Инкар Сатемирова, Аяулым Жанибек, Аяулым Султанбаева өнер көрсетті.

Жекелей сында өнер көрсеткен елордалық бұрымды гимнасшылар үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақса, Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. Ал Ақмарал Ерекешова 4 бірдей жаттығу бойынша жүлдеге ілікті. Ол жекелей сында доппен және таспамен алтын медаль еншілесе, шығыршық пен ұршық жаттығуында күміс жүлдегер атанды.

Күні кеше өткен көпсайыста жерлестеріміз Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешова күміс, Эрика Жайлауова мен Дария Кушербаева қола жүлдегерлері атанды.

Осылайша, Астана қаласының бұрымды гимнасшылар байрақты бәсекеде ел қоржынына 7 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль салды.

Басқа спорттық жаңалықтар