Футбол

«Жеңіс» словениялық қорғаушыны сапына қосты

«Жеңіс» словениялық қорғаушыны сапына қосты
instagram/"Жеңіс" ФК

Астаналық «Жеңіс» 25 жастағы словениялық қорғаушы Матия Ромды сапына қосты. 

«Матия словениялық «Домжале» футбол клубының түлегі. Кәсіби мансабын 2016 жылы бастады. Сонымен қатар хорватиялық «Интер», «Шибеник» және украиналық «Колос» командаларында ойнаған. Өткен маусымда ол грузияның «Телави» клубында ойнап, 24 матч өткізіп, 3 нәтижелі пас берді. 2017 жылғы Словения чемпионы. Словенияның әртүрлі жастар құрамаларына шақырылды», - делінген клуб хабарламасында. 


Басқа спорттық жаңалықтар