Футбол

Қазақстан чемпиооны болған португалиялық «Атырауға» қосылды

Қазақстан чемпиооны болған португалиялық «Атырауға» қосылды
"Астана" ФК

«Атырау» футбол клубы 33 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Педро Эуженионы сапына қосты.

«Португалиялық шабуылшы «Атырау» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды. Келесі маусымда Педруге «мұнайшылар» сапында жаңа белестірді бағындыруды тілейміз», - делінген клубтың әлеуметтік желісіндегі жазбасында.

Келісімшарт 2024 жылдың соңына дейін жасалды.

Португалиялықтың кейінгі клубы саудиялық «Әл-Адалх» болды. Ал Қазақстанда Эуженио бұған дейін «Жетісу», «Тараз» және «Астана» командаларында өнер көрсеткен. Тіпті 2022 жылғы маусымда «Астанамен» Қазақстан чемпионы атанды. 

Басқа спорттық жаңалықтар