Теннис

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына өтті

Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына өтті
WTA

Қазақстанның Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына өтті.

Рыбкаина кезінде әлемдік рейтингіде көш бастаған белоруссиялық Виктория Азаренкомен бір сағат 15 минуттай ойнады. Бірінші сетте белоруссиялық теннисші 6:4 есебімен басым түсті, алайда одан кейін қазақстандық теннисші 6:2 есебімен екінші сетті ұтты. Үшінші сет болған жоқ, Азаренко жарақатына байланысты матчты жалғастырмады.

Айта кетейік, осыған дейін  бұған дейін де екі рет ойнап, екі мачтте де Рыбакина жеңімпаз болған.

Енді  Рыбакина ширек финалға жолдама үшін польшалық Магдалена Фрешпен ойнайды.


Басқа спорттық жаңалықтар