Футбол

ҚПЛ-де ойнаған тәжірибелі қорғаушы екінші лигадағы командаға қосылды

ҚПЛ-де ойнаған тәжірибелі қорғаушы екінші лигадағы командаға қосылды
"Шахтер" ФК

Қазақстандық қорғаушы Мирам Сапанов екінші лигада өнер көрсететін Жезқазғанның «Ұлытау» команадсына қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Сапанов карьерасын 20 жыл бұрын «Ақжайық» клубында бастады,14 маусымнан кейін матчтар бойынша клуб рекордсмендерінің қатарына кірді.

Мирам «Ордабасы», «Қайсар», «Каспий», «Қыран», «Жетісу», «Шахтер» сынды клубтарда да өнер көрсетті.

Еске салайық,  былтыр Жезқазғанның «Ұлытауы» қайта жанданып, бірінші жылы екінші лиганың алтын жүлдесін жеңіп алған болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар