Еркін күрес

Күрестен Олимпиадаға енбеген салмақтар бойынша әлем чемпионаты өтеді

Күрестен Олимпиадаға енбеген салмақтар бойынша әлем чемпионаты өтеді
Mir24

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеген салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатын өткізеді.

Әлім біріншілігі 28-31 қазан аралығында Албания астанасы Тирана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Жарыс сол елде 21-27 қазан аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатынан кейін басталады.

Жазғы Олимпиада ойындары бағдарламасына еркін күрестен 61, 70, 79 және 92, әйелдер күресінен 55, 59, 65 және 72 келі салмақ дәрежесі енгізілмеген.

Сондай-ақ, Олимпиадада грек-рим күресінен 55, 63, 72 және 82 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар жарысқа қатыса алмайды.

Басқа спорттық жаңалықтар