Футбол

"Жетісу" ресейлік қақпашыны сапына қосты

KazFootball.kz

"Жетісу" былтырғы маусымды павлодарлық "Ақсуда" өткізген ресейлік қақапашы Арсен Сиукаевты сапына қосты, деп хабарлайды талдықорғандықтардың баспасөз қызметі. 

"Сиукаев 1994 жылы Краснодарда дүниеге келген, «Кубань» футбол клубының түлегі. Ресей мен Арменияның «Калуга», «Машук-КМВ», «Биолог-Новокубанск», «Арарат-Армения», «Лори», «Спартак Нальчик» сынды түрлі клубтарында өнер көрсеткен. Өткен маусымда Павлодардың «Ақсу» клубында ойнады", - делінген клуб хабарламасында. 


Басқа спорттық жаңалықтар