Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте жоғарлады

Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте жоғарлады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингінде ерлер арасыда Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты жоғарлады. 

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 21-орынға көтерілді. Бұл оның әлемдік рейтингте осы уақытқа дейінгі ең үздік нәтижесі екенін айта кетейік. 

Сонымен бірге, Александр Шевченко 57-ден бірден 45-орынға көтерілді. Манамадағы (Бахрейн) "Челленджер" сериясындағы турнирде жеңімпаз атанған Михаил Кукушкин 231-ден 163-ке жоғарылап, еліміздің үшінші ракеткасы атанды. Денис Евсеев 178-ден 179-ға, Бейбіт Жұқаев 189-дан 192-ге, Тимофей Скатов 276-дан 277-ге сырғыды.

Басқа спорттық жаңалықтар