Кәсіби бокс

Жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Әлімханұылмен жекпе-жекке дайын екенін айтты

Жеңіліп көрмеген британиялық боксшы Әлімханұылмен жекпе-жекке дайын екенін айтты
instagram.com/klimasmanagement

Жеңілмеген британиялық боксшы Хамза Шираз (19-0, 15 КО) орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (15-0, 10 КО) жекпе-жекке шығуға дайын екенін білдірді.

Мұның алдында британиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен оның Жәнібекпен кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін айтқан еді.

"Онымен рингте көп раунд өткіздік. Ол жақсы боксшы, мықты. Ол өз салмағында екі титулды жайдан жай иеленген жоқ. Бұл ең керемет, ең таза боксты көруге болатын жекпе-жек. Оның қолынан не келетінін көрдіңіздер. Оның соққысы тамаша. Бәрін жасай алады. Әлімханұлымен айқас өткізу, әрине, бұл үлкен сынақ болады. Бұл мен жүз пайыз дайын сынақ. Фрэнк Уоррен айтпақшы, біз оған дайынбыз", - дейді Шираз Frank Warren's Queensberry Promotion-ке берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар