Шорт-трек

Қазақстан спортшылар шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде жүлде жеңіп алды

Қазақстан спортшылар шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде жүлде жеңіп алды
РИА Новости

Нидерландының Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем кубогінің 3-кезеңі аяқталды, деп жазады Спорттық дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыстағы бұрымдылар арасындағы 3 мың метрлік эстафетада Қазақстан құрамасы қоржынына күміс түсті. А тобында  өнер көрсеткен Алина Әжіғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан және Гүлдана ⁠Жалмұхан 4:19.480 секунд көрсеткішімен екінші болды.

Бұл сайыста бірінші Оңтүстік Корея болды – 4:17.683 секунд, үшінші орында айыдн иелері Нидерланды – 4:33.236.

Басқа спорттық жаңалықтар