Велоспорт

Қазақстандық спортшы маунтбайктен Түркияда екі алтын жеңіп алды

Қазақстандық спортшы маунтбайктен Түркияда екі алтын жеңіп алды
olympic.kz

Түркияның Анталья қаласында маунтинбайктан Kuzilalan Cup турнирі аяқталды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жарыстың кросс-кантри бағдарламасында қазақстандық Алина Саркулова тағы да бірінші болып, екінші алтын жүлдесін жеңіп алды.

Бұған дейін ол T.C.Genclik жарысында бірінші келген еді. 

Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Татьяна Генелева қола жүлде жеңіп алды. Ал бұған дейін Татьяна T.C.Genclik жарысында күміс иеленген болатын.

Ерлер арасында Денис Сергиенко 2-орын алды, кешегі жарыста ол тек 4-ші болған еді.

Айта кетейік, Алина Саркулова былтыр 28-29 қаңтарда аралығында өткен Kuzilalan Cup турнирінде 2 мәрте чемпион атанған. 

Басқа спорттық жаңалықтар