ММА

UFC 298 турнирінің басты айқасында Топурия чемпионды нокаутқа түсірді

UFC 298 турнирінің басты айқасында Топурия чемпионды нокаутқа түсірді
FightTime

АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен UFC 298 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақта промоушен чемпионы аустралиялық Алекс Волкановски (26-4) титулға үміткер испаниялық Илья Топуриямен (15-0) жұдырықтасты.

Бұл кездесуде Волкановски екінші раундта нокаутқа түсті де, жартылай жеңіл дивизионда UFC белбеуінен айырылды.

Карьерасында 26 жеңіске жеткен Алекстің бұл төртінші рет жеңілуі, Ал тегі грузиялық Илья 15 кездесуінің бәрінде жеңген екен.

Басқа спорттық жаңалықтар