Футбол

Қазақстан құрамасының экс ойыншысы "Тобылдан" кетті

Қазақстан құрамасының экс ойыншысы
"Тобыл" ФК

Қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков қостаналйық "Тобыл" сапынан кетті. 

"Футболшы "Тобыл" құрамын 2020 жылдың басында толықтырып, "Шахтерге" қарсы ойында дебют жасады. Жалпы қостанайлықтар сапында 94 ойында алаңға шығып, 12 гол соқты. "Тобылмен" бірге ол чемпионаттың «алтынын» жеңіп, ҚР Суперкубогі мен Кубогінің иегері атанды.

"Тобыл" футбол клубы Серікжан Мужиковқа бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы мансабында табыс тілейді", - делінген клуб хабарламасында. 

Айта кетейік, Мужиков 2011 жылы Қазақстан құрамасына шақыртылып, Сириямен матчте ойнаған. 

Басқа спорттық жаңалықтар