Жеңіл атлетика
Қазақстандық спортшы Тегеранда Азия чемпионы атанды
Спортты жамыту дирекциясы
Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жеңіл алетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына 3 жүлде түсті, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биіктікке секіруде Елизавета Матвеева 1.86 метрді бағындырып, чемпион атанды.
Былтырғы Астанадағы бәсекеде бас жүлдені Надежда Дубовицкая жеңіп алса, Елизавета 2-орыннан көрінген.
Ал 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова (7.35 секунд) мәреге 2-болып жетті. Ол былтыр Астанада өткен Азия чемпионатында осы қашықтықта күміс жүлдегер атанған.
Сондай-ақ, үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова (13.48 метр) қола жүлдеге ие болды.
Қазір Қазақстан құрамасында 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль бар.