Теннис

Анна Данилина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті

 Анна Данилина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Дубай WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуаймен бірге бастапқы кездесуін бразилиялық Ингрид Гамарра Мартинс - украиналық Надежда Киченокпен өткізді. Қазақстандық-қытайлық жұп 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

1 сағат 15 минутқа созылған матчта олар 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыластары 2 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Анна Данилина - Чжан Шуай ширек финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, канадалық Габриэла Дабровски - жаңа зеландиялық Эрин Рутлифпен таласады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар