Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» «Амурдан» тағы жеңілді

«Барыс» «Амурдан» тағы жеңілді

Маусымның сырт айдындағы соңғы матчында «Барыс» «Амур» командасына жол берді.

Ойынның бастапқы кезеңі айдын иелеренің айқын басымдығымен өтті. Осы кезеңде «Амур» тіпті бір сәтте үш ойыншыға бес ойыншы қарсы болып та ойнады. Бірақ ұзақ уақыт бойы Андрей Шутов қорғаған қақпаны талай мәрте нысанаға алғанымен гол соға алмады. Тек үзіліске 14 секунд қалғанда ғана Кирилл Слепец қақпаның жоғары жақ бұрышын дәл көздеп ойындағы есепті ашты.

Қақпа алдындағы қарбаласта Александр Хохлачев ұрымтал тұста соққы жасап, айдын иелерінің есептегі басымдығын нығайтты. «Барыс» ойында бірінші рет көпшілікте ойнаған кезде, гол соға алды. Осы кезде Джозеф ЛаБейт Понтус Обергтің соққысын түзеп, қақпаға дарытты. Бұл ойында соғылған соңғы шайба болды.

22 ақпан күні Олег Болякиннің шәкірттері үй айдынында «Автомобилист» командасын қабылдайды.

«Амур» – «Барыс» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

Шайбалар:

1:0 – 19:46 – Слепец (Панюков)

2:0 – 27:29 – Хохлачев (Гуркин, Броадхерст)

2:1 – 37:06 – ЛаБейт (Оберг) КГ

Қақпашылар: Бобков – Шутов


Дереккөз: hcbarys.kz

Басқа спорттық жаңалықтар