Нысана көздеу

Нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатында Шымкент командасы топ жарды

 Нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионатында Шымкент командасы топ жарды

Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Командаоық есепте Шымкент командасы топ жарды.

Аталған біріншілікке Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысты. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де сынға түсті.

Жарыс қорытындысы:

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (ерлер):

1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)

2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)

3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)

Тапаншамен 10 метрден оқ ату (әйелдер):

1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)

2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)

3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)

10 метрден жылжымалы нысана көздеу (әйелдер):

1-орын - Шымкент қаласы

2-орын - Алматы қаласы

3-орын - Жамбыл облысы

Әйелдер:

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу:

1-орын - Шымкент қаласы (30 ұпай)

2-орын - Алматы қаласы (25 ұпай)

3-орын - Павлодар облысы (20 ұпай)

Тапаншамен 10 метрден оқ ату (ерлер):

1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)

2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)

3-орын - Астана қаласы (20 ұпай)

10 метрден жылжымалы нысана көздеу (микст):

1-орын - Алматы қаласы

2-орын - Шымкент-1 қаласы

3-орын - Шымкент-2 қаласы

10 метрден тапаншамен оқ атудан аралас жұптық сын (микст):

1-орын - Шымкент-1 (Ирина Юнусметова мен Никита Чирюкин)

2-орын - Алматы-2 (Валерий Рахымжан мен Валерия Попелова)

3-орын - Алматы-1 (Дилара Вахитова мен Эльдар Иманқұлов)

Бір аптаға созылған бәсекеде 7 өңірден келген 100-ден астам мерген өзара 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Жалпы есепте Шымкент қаласының командасы жеңімпаз атанса (7 алтын, 7 күміс, 2 қола), Алматы қаласы 2-орыннан көрінді. Үздік үштікті Астана қаласының спортшылары түйіндеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар