Спорт
Астанада триатлоннан қысқы жарыс өтеді
18 ақпан күні елордада қысқы триатлоннан жарыс өтеді.
Қалалық триатлон федерациясының мәлімдеуінше, аталған бәсеке сағат 12.00-де Триатлон саябағында өтеді. Оған кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысады.
Жарыс жас санаттарын ескере отырып, белгіленген маршрут бойынша келесі қашықтықта өткізіледі:
• Жүгіру – 2,5 км;
• Велоспорт – 3 км;
• Шаңғы жарысы – 2,5 км.
Жарысқа қатысушы да мiндеттi түрде болу керек жабдық:
• Велосипед дулығасы;
• Жұмыс істейтін велосипед;
• Шаңғы жарысының жиынтығы.
Жарысты аяқтаған әрбір қатысушы финишер медалін алады. Әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсалған ең аз уақыт бойынша анықталады. Сондай-ақ олар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Дереккөз: kaz.inform