Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады

 Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвондода (Корея Республикасы) өткен IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар табыс етті.

Үкімет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын оқып беріп, спортшыларды қол жеткізген нәтижелерімен құттықтады. Премьер-министр бұл Қазақстанның жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан әлемнің 78 елі арасында 20-шы орынды иеленді.

Спорт – елдің мәртебесін биіктетіп, мемлекеттің қуаты мен өсіп келе жатқан әлеуетіне деген адамдардың сенімін нығайта түсетін маңызды фактор. Қазақстандықтар Сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Өздеріңіз сияқты ерік-жігері мықты жас спортшылардың еліміздің болашағы екеніне кәміл сенемін.

Жеңіс жолында қолдау көрсеткен тәлімгерлер мен жаттықтырушылар ерекше алғысқа лайық. Бүгінгі бағындырған биік белестер алдағы олимпиадалардағы жетістіктердің бастауы деуге болады, — деді Олжас Бектенов.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар