Теннис

Юлия Путинцева Дубай додасының іріктеу сайысын сәтті бастады

 Юлия Путинцева Дубай додасының іріктеу сайысын сәтті бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Дубай WTA 1000 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында Мали өкілі Коумба Бен Мамадау Нянгадаумен шеберлік байқасты.

Юлия Путинцева 50 минутта қарсыласын ойсырата ұтты - 6:1, 6:1. Ол 8 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ.

Путинцева іріктеу сайыстарының финалында Польша өкілі, әлемнің 52-ракеткасы Магдалена Фрешпен кездеседі. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар