Теннис

Михаил Кукушкин Бахрейндегі турнирдің финалына шықты

 Михаил Кукушкин Бахрейндегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 231-ракеткасы Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 129-ракеткасы, Чехия өкілі Якуб Меншикпен сынға түсті. Кукушкин 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Ол 1 сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Меншик 3 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Михаил Кукушкин финалда әлемнің 130-ракеткасы, франциялық Ришар Гаске немесе рейтингіде 160-сатыдағы босниялық Дамир Джумхурдың біреуімен чемпиондық атақты сарапқа салады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар