Теннис
Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына өтті
Қазақстандық, әлемнің 338-ракеткасы Дмитрий Попко АҚШ-тағы Палм-Коуст ITF жарысының жартылай финалына өтті.
Турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 821-орында тұрған америкалық Аксель Нефвемен кортқа шықты.
Попко өткен аптада Санрайзда Нефвені 6:7 (9:11), 7:5, 6:2 есебімен жеңген еді.
Бұл жолы Дмитрий кездесуді екі сетпен аяқтады 7:6 (7:1), 6:2.
Дмитрий Попко финалға шығу үшін әлемнің 440-ракеткасы, румыниялық Габи Адриан Бойтанмен таласады.
Дереккөз: kaz.inform