Дзюдо

Абиба Әбужақынова Баку турнирінде қола жүлде иеленді

Абиба Әбужақынова Баку турнирінде қола жүлде иеленді

Дзюдодан Бакуде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова үздік үштікке енді.

48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абиба алдымен Маврикий спортшысын жеңсе, кейін швециялық қарсыласына есе жіберді.

Жұбаныш белдесуінде Әзірбайжан балуанын ұтқан қазақ спортшысы қола медаль үшін күресте бельгиялық Луиз Петиттен басым түсті.

Осылайша, Абиба бұл маусымдағы екінші қола медалін ұтып алды. Бұған дейін ол Португалиядағы Гран-при турнирінде үздіктер қатарынан көрінген.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар