Теннис

Елена Рыбакина Катар турнирінде орыс теннисшісін ойсырата жеңіп, финалға шықты

Елена Рыбакина Катар турнирінде орыс теннисшісін ойсырата жеңіп, финалға шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Катар астанасы Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде ресейлік теннисші Анастасия Павлюченкованы жеңіп, жарыс финалына шықты.

Айта кетейік, Рыбакина WTA рейтингінде төртінші орында тұрса, Павлюченкова 32-сатыда.

Матч 1 сағат 29 минутқа созылды. Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:2, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен өзара мықтыны анықтайды. Ол жартылай финалда чех Каролина Плишковамен ойнауы керек болған. Алайда, қарсыласы жарақат себебімен кортқа шықпады.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар