ММА

Ресейлік сарапшы Нурмагомедов - Алмахан жекпе-жегіне болжамын айтты

Ресейлік сарапшы Нурмагомедов - Алмахан жекпе-жегіне болжамын айтты
UFC

Аралас жекпе-жектің белгілі комментаторы Олег Володин UFC-дің қазақстандық дебютанты Бекзат Алмаханның (17-1) дағыстандық Умар Нурмагомедовпен (16-0) алдағы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.

"Дебютантта әрдайым басымдық болады. Өйткені сені көпшілік те, ростердегі файтерлер де білмейді. Интернеттен жекпе-жектеріңді саралауға болады әрине, бірақ бәрібір сенен күтпейтін дүниелер болып қалады. Физикалық күш, рефлекс, жылдамдық пен қарым - мұны видеодан дәл бағалау қиын. Сондықтан теориялық тұрғыда Бекзат таңдандыруы мүмкін, әсіресе жекпе-жек басында. Бірақ бұл жеңіс үшін жеткілікті ме? Бұл басқа әңгіме".

Володин қазақстандық спортшының жеңіске мүмкіндігі қанша дегенге былай жауап берді:

"Қазаақстан спортшысын құрметтеймін, дей тұрғанымен апсет мүмкіндігі өте төмен. Егер Нурмагомедов жарақатынан толық сауықса, оның жеңіліп қалуын елестете алмаймын. Оның деңгейі - Бекзаттың үйренгенінен басқа. Сондықтан Қазақстан файтері үшін бұл салдары ауыр сын. Бірақ бұл жерде қауіп бәріне бар", - дейді сарапшы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Басқа спорттық жаңалықтар