Футбол

Криштиану Роналду Мессимен теңесті

Криштиану Роналду Мессимен теңесті
Instagram/alnassr_fc

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду пенальтиді есептемегенде 713-ші голын соқты. Осылайша, португалиялық бұл көрсеткіш бойынша Мессимен теңесті.

Футболшы кеше Азия чемпиондар лигасындағы "Әл-Фейха" командасына қарсы ойында өз командасына жеңіс сыйлаған голды салды. 

Роналду пенальтиді есептегенде Мессиден көп гол соққан. 1205 матчқа қатысып, 874 рет мергендік танытқан. Ал Месси 1047 ойында 821 голды еншісіне жазған. Пенальтисіз соққан голдар 713 болып теңесіп тұр.

Басқа спорттық жаңалықтар