Футбол

ФИФА рейтингін жаңартты. Қазақстан өзгеріссіз тұр

ФИФА рейтингін жаңартты. Қазақстан өзгеріссіз тұр
FIFA

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) 2024 жылғы ақпан айындағы әлем құрамалары рейтингін жаңартты.

Жаңа тізімде алғашқы ондық өзгеріссіз қалды. Қазақстан құрамасы да бұрынғысынша 100-орында.

Ал наурыз айында Қазақстанның Ұлттар лигасы плей-офф кезеңіндегі қарсыласы Грекия 45-орында тұр.

2024-2025 жылғы маусымда В лигасындағы Ұлттық құрамамыздың қарсыластары - Аустрия - 25, Норвегия - 42, Словения - 51-орында.

FIFA-ның 2024 жылғы 15 ақпандағы рейтингі:

1. Аргентина - 1855.2;

2. Франция -1845.44;

3. Англия - 1800.05;

4. Бельгия - 1798.46;

5. Бразилия - 1784.09;

6. Нидерланд - 1745.48;

7. Португалия - 1745.06;

8. Испания - 1732.64;

9. Италия - 1718.82;

10. Хорватия - 1717.57.

Басқа спорттық жаңалықтар