Ауыр атлетика

Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Қостанайда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
azattyq-ruhy.kz

Кеше Қостанайда ауыр атлетикадан ел чемпионаты басталды.

Спортты дамыту дирекциясының  мәліметінше, жарыс 21 ақпанда мәресіне жетеді. Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды. Атырау мен Маңғыстау облысы ғана осы жылы команда қоспады.

Ерлер 55, 61, 67, 73, 81, 89, 96, 102, 109 килоға дейін және 109 килодан жоғары салмақтарда, ал әйелдер 45, 49, 55, 59, 64, 71, 76, 81, 87 және 87 килодан жоғары салмақта мықтыларды анықтайды.

"Биылғы чемпионат әр өңірдегі дарынды спортшыларды іріктеуге мүмкіндік береді. Бұл — елімізде ауыр атлетиканың дамуына тың серпін беретін қадам", - деді мемлекеттік жаттықтырушы Меңдіхан Тәпсір.

Басқа спорттық жаңалықтар