Теннис

Пәкістанда 17 жастағы теннисші қыз жарыс кезінде көз жұмды

 Пәкістанда 17 жастағы теннисші қыз жарыс кезінде көз жұмды

17 жастағы пәкістандық теннисші Зайнаб Али Накви Исламабадтағы жасөспірімдер арасында ITF-J30 санатындағы турнир кезінде көз жұмды.

Пәкістан теннис федерациясы таратқан мәліметке қарағанда, дүйсенбі күні спортшы қыз кортта жаттыққан. Ол сейсенбіде матч өткізуі тиіс болатын.

Кешкісін қыздың мәйітін әжесі қонақүй бөлмесінен тапқан. Марқұмның өлімі ауруханада тіркелді, ол жүрек талмасынан қайтыс болған.

Пәкістан теннис федерациясының президенті Айшам Куреши Накви ойнауы тиіс корттың оның есімімен аталатынын жеткізді. Сондай-ақ Пәкстан астанасында алдағы аптада болатын турнир теннисшінің құрметіне арналмақ.

Аталмыш ITF-J30 жарысы теннисшіні еске алу есебінде бір күнге тоқтатылған.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар