Ауыр атлетика

Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 3 салмақта үздіктер анықталды

 Ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты: 3 салмақта үздіктер анықталды

Қостанайда ауыр атлетикадан кезекті ел чемпионаты өтіп жатыр.

15 ақпан, яғни біріншіліктің алғашқы күні ерлер 55 келі салмақта, ал әйелдер 45 және 49 келіде өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы:

Ерлер. 55 келі.

1-орын - Исламжан Мұзапаров (Жетісу облысы) — 223 келі (96+127)

2-орын - Анатолий Грубов (Жетісу облысы) — 222 келі (107+117)

3-орын - Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) — 208 келі (88+120)

Әйелдер:

45 келі.

1-орын - Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) — 130 келі (60+70)

2-орын - Ирина Чумак (Қостанай облысы) — 114 келі (48+66)

3-орын - Снежана Кашкарова (Жетісу облысы) — 113 келі (51+62)

49 келі: (Олимпиадалық салмақ)

1-орын - Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) — 149 келі (69+80)

2-орын - Регина Никифорова (Жетісу облысы) — 133 келі (58+75)

3-орын - Валерия Васечко (Ақмола облысы) — 128 келі (56+72)

Биыл ел біріншілігіне 18 өңірден келген 242 спортшы (151 ер, 91 әйел) жекелей және командалық сында бақ сынайды.

Бәсеке 21 ақпанға дейін жалғасады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар