Теннис

Рыбакина бірегей көрсеткішке қол жеткізді

Рыбакина бірегей көрсеткішке қол жеткізді
facebook.com/elenarybakina/

Әлемдік рейтингте төртінші тұрған қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина WTA-ның биылғы маусымында бірегей жетістікке жетті.

2024 жылы қазақстандық теннисші WTA матчтеріндегі 10 сетті 6:0 немесе 6:1 есебімен ұтқан екен. Осылайша, Рыбакина 2024 жылы 10 сетті 6:0 немесе 6:1 есебімен ұтқан бірінші теннисші болып отыр.

Сонымен қоса, Рыбакина 2024 жылғы бес турнирдің төртеуінде финалға дейін жетіп отыр. Еленаның бұған дейінгі осындай көрсеткіші 2020 жылы болған.

Басқа спорттық жаңалықтар