Футбол

«Жетісу» сапын бразилиялық ойыншымен күшейтті

«Жетісу» сапын бразилиялық ойыншымен күшейтті
"Жетісу" ФК

Талдықорғандық «Жетісу» бразилиялық қорғаушы Чарльстон Силва Дос Сантосты сапына қосты. 

"Өткен маусымда шетелдік футболшы «Мақтаарал» футбол клубы сапында 16 кездесу өткізген. Чарлстон мансабын «Ресифиде» бастады, содан кейін Бразилияның «Португа» командасына көшті. Оның бірінші еуропалық командасы болгар «Царско Село» болды. Чарлстон Болгариядан кейін Солтүстік Македония, Румыния және Венгрияда ойнады.

Ол өзінің агентінің шақыруымен Қазақстанға көшті. 27 жастағы қорғаушы Қазақстанның мықты командалары бар, жақсы ел екенін біліп, өзін осында сынап көруді жөн көрді", - делінген клуб хабарламасында. 

Басқа спорттық жаңалықтар