Футбол

ЧЛ 1/8 финал матчі: "ПСЖ" өз алаңында «Реал Сосьедадтан» басым түсті

ЧЛ 1/8 финал матчі:
media.az

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының мачтінде «Пари Сен-Жермен» өз алаңында испаниялық «Реал Сосьедадтан» басым түсті.

Париждегі "Парк де Френс" стадионында өткен ойын 2:0 есебімен аяқталды. Париждіктер шабуылшысы Килиан Мбаппе 58-минутта есеп ашты, ал 12 минуттан кейін Брэдли Бариола есепті еселеді.

Айта кетейік, қатар өткен матчте "Бавария" сырт алаңда италиялық "Лациодан" 0:1 есебімен ұтылды. 

Ал 1/8 финалдың бұған дейінгі мачтерінде мадридтік "Реал" германиялық "Лейпциг" командасын, ал англиялық "Мансестер Сити" даниялық "Копенгагенді" ұтқан еді.

Енді 20 ақпанда - «Интер» (Италия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания), ПСВ (Нидерланд) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), 21 ақпанда - «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания), «Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия) ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар