Теннис
Михаил Кукушкин Бахрейндегі жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстандық Михаил Кукушкин Манама (Бахрейн) челленджер жарысының ширек финалына шықты.
Дүниежүзілік рейтингіде 231-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 181-ракеткасы, швейцариялық Александр Ришармен шеберлік таластырды.
Кукушкин 1 сағат 40 минутқа созылған матчта 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ол эйс жасамағанымен, 5 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Ришар екі рет эйске қол жеткізгенімен, 7 брейк-пойнттың бірде-біреуін пайдалана алмады.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 103-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини немесе рейтингіде 187-сатыдағы иорданиялық Абедалла Шелбайхтың біреуімен таласады.
Дереккөз: kaz.inform