ММА

Спорт министрі Шавкат Рахмоновпен кездесті

Спорт министрі Шавкат Рахмоновпен кездесті
instagram.com/ermek_marzhyqpaev/

ҚР Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев белгілі қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты қабылдады. 

"Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсетіп, жасындай жарқырап жүрген даңқты спортшымыз Шавкат Рахмоновпен кездесіп, ең кейінгі жарқын жеңісімен құттықтадым. Былтыр Тәуелсіздік күні қарсаңында ол АҚШ файтері Стивен Томпсонды жеңген болатын.

Шавкат – мұхиттың арғы бетінде өткізіп жүрген жекпе-жектері арқылы елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген батырымыз. Шавкатқа алдағы уақытта жеңісті жолын сәтті жалғап, тезірек әлем чемпионы болуына тілектеспін", - делінген министрдің әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Рахмонов UFC-дегі кейінгі айқасында америкалық Стивен Томпсон екінші раундта жеңіп, осының арқасында жарытлай орта салмақ рейтингінде үшінші орынға көтерілді. 


Басқа спорттық жаңалықтар