Футбол
Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың бірінші ойынында "Манчестер Сити" "Копенгагенді" ұтты
Reuters
Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші ойынында "Манчестер Сити" даниялық "Копенгагенді" ұтты.
"Манчестер Сити" Чемпиондар лигасында ерекше рекорд орнатты - 7 ойын қатарынан қарсылас команда қақпасына кемі 3 голдан соққан.
Хосеп Гвардиола жаттықтыратын команда "Копенгагенді" де 3:1 есебімен ұтты. Ойында ағылшындық клуб сапында Кевин де Брюне, Бернарду Силва және Фил Фоден гол салды. Ал алаң иелері қатарынан Магнус Матсон мергендігімен көзге түсті.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 6 наурызда өтеді.
Бүгін түнде 1/8 финалдағы ойындар жалғасады. Жанкүйерлер ПСЖ – "Реал Сосьедад" және "Лацио" – "Бавария" ойындарын тамашалайтын болады.