Футбол

ЧЛ 1/8 финалының бірінші мачтінде "Реал" жеңіске жетті

ЧЛ 1/8 финалының бірінші мачтінде
"Чемпионат"

Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының бірінші ойынында "Реал" сырт алаңда жеңіске жетті. 

Мадридтіктер "Ред Булл Аренада" өткен бұл матчте Германияның "Лейпциг" командасымен кездесті.

Алаң иелері есеп ашқанымен төреші ереже бұзылғанын анықтап, голды есепке алмады. Қарымта шабуылда Марко Розе шәкірттері шапшаң қимылдағанмен, гол соға алмады. "Реал" 48-минутта Браим Диас соққан голдың нәтижесінде жеңіске жетті. 

Екі команда арасындағы қарымта ойын 6 наурыз күні Мадридте өтеді.  

Басқа спорттық жаңалықтар